Arrow
Arrow
Slider

Мақтаарал аудандық мәслихаты сессия төрағасының ШЕШІМІ

2020 жылғы 27 сәуір

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес:

 Алтыншы шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті  сессиясы 2020 жылғы 30 сәуір  күні сағат 10.00-де Мырзакент кентінде шақырылсын.

 

А.Жолдасов,

                                      аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттары

мен аудан халқының назарына

 

 

Алтыншы шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті  сессиясы 2020 жылғы 30 сәуір күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

  1. 1. Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының  атқарған жұмыстарының  есебі туралы;
  2. Мақтаарал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
  3. Атакент кенті әкімінің атқарған жұмыстарының  есебі туралы;
  4. Бірлік ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
  5. Жамбыл ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
  6. Мақтаарал ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
  7. Мақтаарал ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы;
  8. Мақтаарал ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы;
  9. Аудан әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамы туралы;
  10. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №43-283-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  11. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көтерілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлщерін бекіту туралы;
  12. Аудандық мәслихат кезекті сессиясының төрағасы туралы;

Аудандық мәслихаттың депутаттарын, сессияға шақырылғандарды тіркеу 2020 жылғы 30 сәуір күні сағат 9.30-дан бастап жүргізіледі.

 

Қ.Сарсекбаев,

                                                             аудандық мәслихаттың  хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихаты сессия төрағасының ШЕШІМІ

2020 жылғы 12 мамыр

 

Аудандық мәслихаттың кезекен тыс

сессиясын шақыру туралы

 

           

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес:

 Алтыншы шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының кезекті  сессиясы 2020 жылғы 13 мамыр күні сағат 10.00-де Мырзакент кентінде шақырылсын.

 

Б.Жұманов,

                                      аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттары

мен аудан халқының назарына

 

 

Алтыншы шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс  сессиясы 2020 жылғы 13 сәуір күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

  1. 1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №60-374-VI «Асықата, Атакент және Мырзакент кенттерінің бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 

Аудандық мәслихаттың депутаттарын, сессияға шақырылғандарды тіркеу 2020 жылғы 13 мамыр  күні сағат 9.30-дан бастап жүргізіледі.

 

Қ.Сарсекбаев,

                                                             аудандық мәслихаттың  хатшысы

 

 

 

 

 

 

  • f1
  • f2
  • f3
  • b-egov
  • uko adilet
  • f9
  • f10
  • f11
  • f12
  • f13